Түркістанда үйлену тойда ерекше жайт болды

1669874709.jpg
Түркістан қаласының тұрғыны Мейіржан мен Ақботаның шаңырақ көтеру тойы Республика күнімен қатар келді. Ұлттық мерекеде жас отбасылардың үйлену тойына келген қонақтар ерекше жайттың куәсі болды. Жастар тойы Әнұранмен ашылды.

Тойдың ашылу салтанаттында жиналған көпшілік қолдарын жүрек тұстарына қойып, Әнұранды орындады. Желіде тараған видеодан қос жұптың артында екі жігіттің мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Ал биші қыздар мен той иелері көпшілікпен қосылып, Әнұранды шырқады. Одан соң, салтанатты түрдегі неке қию рәсімін жасаған.

Facebook парақшасында жарияланған жазбаға оқырмандар «Мәссаған, керемет, ерекше екен», «Қандай күшті! Бақытты болсын!», «Осы тойға барғым келіп кетті ғой» деп таңданыстарын білдіріп, қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, жас жұбайларға бақыт тілеп, алғыстарын айтқан.

 

Айта кетейік, Мейіржан Сайфуллаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызмет атқарады.

Maqolani ulashing:
Siz ham tez orada to'y qilmoqchimisiz? Mehmonlaringizni eng zamonaviy taklifnoma bilan taklif qilmoqchimisiz?

Shunday qilib, E-taklif.uz onlayn taklifnoma konstruktori yordamida 5 daqiqada o'z to'yingizga taklifnomani yasab oling!
Taklifnoma yasash

O'qishni tavsiya etamiz: