Қазақтардың 21 ғасырдағы үйлену тойлары қалай өтуде?

1669720979.jpg
Әр адамдардың өмірінде ең мағыналы оқиғалардың бірі болып саналатын ол, әрине, отбасы және жанұя құру. Бұл маселеге, бақытқа орай, ерте ме кеште ме әркім кездеседі, және ең басты сұрақ ол өз өміріңді кіммен байланыстыру, кіммен өмірідің қуанышы мен қайғысын бөлісу? Әрине, кез келген адаммен отбасын құру мүмкін емес.

Осы қазақ тойы туралы ойлансақ, әрине бұл есте қалатын кеш болып саналады, бірақ осы бір ғана кеш осынша шығынға тұра ма? Қазіргі уақытта, өкінішке орай, кейбір жас неке қыйған жұптар үйлену тойның несиесі аяғына дейін төленіп үлгермей-ақ айырылысып кетеді. Той жасау керек пе керек емес пе деген сұрақ қойған кезде, ең бірінші біз «Қазақтар тойды не үшін жасайды?»- деген сұраққа жауап беру керекпіз.

Біріншіден, бұл бұрыннан келе жатқан салт-дәстүр. Екі жасты бүкіл туысқандар құттықтап, олардың жаңа құрған шаңырақтары биік болсын деп тілейді. Екіншіден, ата-аналар өздерінің баларына үйлену той жасауды борыш сияқты түсінеді, көптеген ата-аналар баларына былай деп айтады: «Біз неше тойға барып үлгердік, өз тойымызды да жасау керекпіз, басқалардан ұят болады». Кей кезде ата-аналар туысқандардан ұялып той жасаса, басқа кезде олар «Біз не, басқадан кембіз бе?»- деген сұрақпен той жасауды шешеді.

Расын айтсақ, қазақ халқына мақтаншақтық пен боямалық қасиеттері біраз деңгейге тән. Тойлар көбінесе жастар үшін жасалмайды, олар туысқандар үшін жасалады. Қазіргі тойда «Кім қандай киім киінді?», «Кім дастарханды қалай жайды?», «Кім тойына көбірек ақша шаша алды?» деген сұрақтарға жауап ізделеді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/Salt_dastur/20170/

Maqolani ulashing:
Siz ham tez orada to'y qilmoqchimisiz? Mehmonlaringizni eng zamonaviy taklifnoma bilan taklif qilmoqchimisiz?

Shunday qilib, E-taklif.uz onlayn taklifnoma konstruktori yordamida 5 daqiqada o'z to'yingizga taklifnomani yasab oling!
Taklifnoma yasash

O'qishni tavsiya etamiz: